$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT»: жылу жүйелерінің күрделі жөндеуден өтуіне ықпал етеміз

Мәслихат депутаттығына үміткерлер «Қызылорда жылу беру» орталығы ұжымымен кездесті

«AMANAT»: жылу жүйелерінің күрделі жөндеуден өтуіне ықпал етеміз

Бүгін «AMANAT» партиясы атынан мәслихат депутаттығына үміткер  Мақсұт Нәлібаев, Мұрат Жұмаділдаев, Сағатбек  Сиюов «Қызылорда жылу беру» орталығы ұжымымен кездесіп азаматтарды алдағы өтер сайлау науқанына белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жарты ғасырдан астам тарихы бар мекемеде 700-ден астам  азамат жұмыс жасайды. Өткен жылы мемлекет басшысының қолдауымен қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа электр станциясының қазығы қағылды. Орталықтың жаңғыруының Қазақстанның жаңаруымен сәйкес келуін жақсылыққа балауға болады. Кездесу барысында осы бағытта атқарылар жұмыстар үміткер Мақсұт Нәлібаев кеңінен айтып өтті.

«AMANAT» партиясы электр және жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мәселелерін сайлауалды бағдарламада жоспарлап отыр. Ол үшін ең басты мәселе жөндеу жұмыстарына бақылауды күшейту, сонымен қатар Қызылорда қаласындағы 28 км жылумен жабдықтау желілерінің күрделі жөнделуіне қаражат қарастыру. Бұл жұмыстар нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 46,9%-дан 39,8%-ға дейін төмендейді. Бұл Сіздердің жұмыстарыңызға қолдау десек, отбасылар үшін үздіксіз жылу. Сондықтан партияның да мақсаты сіздер секілді әрбір отбасына жылу сыйлау»,- деді Мақсұт Нәлібаев. 

Үміткер Мұрат Жұмаділдаев ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қоғамдық ортада қолайлы жағдай болуы керек. Бұл бағытта партия тарапынан әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу, мектептерде және мемлекеттік балабақшаларда инклюзивті білім беру үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылатын атап өтті.

Кездесу барысында ұжым қызметкерлері үміткерлерге көкейдегі сауалдарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті.  Азаматтардың ұсыныс-пікірлерін түртіп алған үміткерлер азаматтарды партияны қолдап дауыс беруге шақырды.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары