«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабы ауыл тұрғындарымен кездесті
«Ауыл Аманаты» жобасы аясында ауыл халқының табысын арттыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілмек
«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов Меркі ауданындағы Тәтті ауылдық округіне де арнайы барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тәтті ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде жергілікті азаматтар жайылым жердің жоқтығы мен білікті дәрігердің тапшылығына шағымданды. Айта кетейік, аудан орталығынан 47 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекенде 2 мыңнан астам адам бар. Мұндағылардың басым бөлігі мал шаруашылығын кәсіп етеді. Қоян жылы бұл ауыл тұрғындары үшін берекелі болады деп күтілуде. Өйткені, өңірімізде жемісті жүзеге асқан «Жамбыл облысындағы ауыл халқының табысын арттыру» пилоттық жобасының екінші кезеңінде тәттіліктер де мемлекет қолдауына ие болмақ. Бұдан бөлек, биыл мұнда орман шаруашылығы саласында 12, өрт сөндіру қызметінде 10 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
«Ауыл Аманаты» жобасы аясында ауыл халқының табысын арттыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілмек. Биылдан бастап бұл жобаға 22 ауылдық округ енгізіліп, нәтижесінде 2,5 пайыз бойынша 11,5 млрд теңге көлемінде 3 мыңнан астам жоба қаржыландыру жоспарлануда. «AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарына пилоттық жоба шеңберінде шағын несие алуға көмектесумен қатара ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылығы кооперативтік кәсіпкерлігіне тартуға атсалысады. Ал оның игілігін ең бірінші кезекте ауылдықтар көретін болады», - деді Дауыл Ынтықбайұлы.
Жиын барысында Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Әбутәліп Мүтәлі сөз алып, өз ойымен бөлісті. Ол өз сөзінде кіндік қаны тамған Тәтті ауылының тірлігін тіктеу мақсатында тынбай еңбек ететінін мықтап айтты. Кандидат бұл сайлауда жерлестерінің дұрыс таңдау жасайтынына сенім білдірді.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді