«AMANAT»: Алматы облысында жыл сайын 75 мектеп жаңғыртылады
Мәслихат депутаттығына үміткер Әсел Төлепбергенова Талғар ауданында ұстаздар қауымымен кездесті
Азаматтардың сапалы білім алуына, оларға жайлы оқу жағдайын жасауға мемлекет тікелей жауапты. Осы орайда, «AMANAT» партиясы жастарды заманауи әрі қауіпсіз білім ошақтарымен, тегін тамақпен қамтамасыз ету жайын қарастырып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Осы бағытта облыстық «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасында сала аясындағы проблемалардың шешілу жолдарын қарастырды. Ол мәслихат депутаттығына үміткер Әсел Төлепбергенованың Талғар ауданына қарасты Қызылқайрат ауылындағы №19 орта мектебінде өткен кездесуде айтылды.
Ұстаздар қауымымен кездесуде Әсел Болатқызы сайлауалды бағдарламадағы білім саласын дамытуға қатысты шараларды жіті түсіндірді.
«Біздің шаралар оқушылардың тапшылығын толығымен жоюға, үшауысымды мектептердің санын 7-ге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бейімделген білім ошақтары көрсеткішін де төмендетеміз. Балаларды балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізбекпіз. Сонымен қатар, студенттік жатақханалардағы орын жетіспеушілігін жоймақпыз. Жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етуді де көздеп отырмыз», - деді жиында сөз алған Әсел Төлепбергенова.
Мұнымен қоса, жыл сайын заманауи стандарттарға сай мектептердің жаңартылып отыратынын атап өтті. Жыл сайын кемінде 90 физика, химия, биология, STEM кабинеттерін жабдықталатынын айтты.
Жалпы, кездесу барысында сайлауалды бағдарламаның 4 бағыты кеңінен тарқатылды. Ол халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әл-ауқатын жақсартып, ел эономикасын дамыту үшін қызмет ететінін тілге иек етті.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді