Демалыс күндері еліміздің бірнеше өңірінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады
Республика бойынша тұман түсуі мүмкін
«Қазгидромет» РМК 25-27 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктер болдамынша, атмосфералық фронтальды ағындар әсерінен алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.
«Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді, солтүстік бөлігінде баяу бұрқасын, республиканың оңтүстік өңірлерінде көктайғақ болуы мүмкін» - делінген хабарламада.
Тек Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен таяудағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Батыс, солтүстік-батыс аймақтарға келетін болсақ, ауа температурасы жоғарылайды. Қалған аймақтарда ауа температурасы төмендейді.