Астанадағы көшеге Бейбарыс сұлтанның аты берілді

Аягөз Құрмаш

Сарыарқа ауданындағы №189 көше енді сұлтанның есімімен аталады

Астанадағы көшеге Бейбарыс сұлтанның аты берілді

Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған шара тарихи тұлғаның 800 жылдығына орайластырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сарыарқа ауданындағы №189 көше енді Мысыр сұлтанының есімімен аталады. Бұл – ұзындығы 2 км-ден асатын алты жолақты көше.

«Біз айтулы күнге тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Оның маңызын ескере отырып, Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан астанасында көрнекті қолбасшының есімін ұлықтау туралы шешім қабылдады. Осындай ауқымды шара арқылы біз Сұлтан Бейбарыстың мерейтойын атап өтіп қана қоймай, бүкіл түркі тарихы үшін маңызы зор тұлғаға құрмет көрсетеміз. Біз жас ұрпақты ұлы қайраткермен таныстырамыз.Сондай-ақ мерейтой аясында спектакльдер, ғылыми конференциялар, Мысыр тарапымен бірлескен жобалар сынды іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді министр Асхат Оралов.

Айта кетейік, Бейбарыс сұлтан – Мысыр елінде 17 жыл бойы Мәмлүктер мемлекетінің басшысы болған, моңғол шапқыншылығы мен Крест жорықтарына тойтарыс берген беделді қолбасшы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.