$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«АМАNАТ» партиясы өкілдерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Павлодарда жалғасты

Алғашқы кездесу Черноярка ауылындағы «Рубиком» ЖШС-де болды

«АМАNАТ» партиясы өкілдерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Павлодарда жалғасты
Фото: АМАNАТ партиясының баспасөз қызметі

Облыстық мәслихатқа үміткерлер Рахат Тұрлыбай, Жамиля Эрназарова, Серік Жартыбаевтар бар үгіт-насихат тобы Павлодар ауданын аралауға шықты. Алғашқы кездесу Черноярка ауылындағы «Рубиком» ЖШС-де болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Қазіргі күні Павлодар ақпараттық-технологиялық колледжінің директоры, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Серік Жартыбаев партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы мақсат-міндеттеріне тоқталды. Себебі аталған кандидаттың сайлау округіне Павлодар және Успен аудандары кіреді. Сондықтан бұл аудандардың мәселесіне бей-жай қарамайтынын жеткізді.

«Мен білім беру саласында 20 жыл жұмыс істеп келемін. Менің еңбек жолым Павлодар ауданы Розов орта мектебінде басталған. Ұзақ жыл Кемеңгер ауылындағы аграрлық-техникалық колледжін басқарып, ауыл шаруашылығы мамандарын дайындадық. Сіздер жұмыс істейтін «Рубиком» кәсіпорнымен байланысымыз мол. Мұнда біздің студенттеріміз тәжірибеден өтті. Павлодар облысында соңғы жылдары жұмыс көп атқарылды. Мәселен, мектеп оқушыларын тегін тамақтандыруды бірінші болып бастадық.

Қазіргі таңда дәрігерлердің жетіспеушілігі – өзекті мәселе. Биыл осы мақсатта аудан ауылдарға 77 дәрігер тартылып, бюджеттен көтерме ақы бөлінді. Дегенмен мұнымен мәселе шешілмейді. Алдағы уақытта барлығы 389 жас маман ауылдарға келетін болады. Осы мақсатта бюджеттен қаражат қарастырылды», - деді Серік Тілеуханұлы.

Кездесуге аудандық мәслихаттың кандидаттары да қатысты. Партия делегациясы жұмысшылармен әңгімелесіп, арыз-шағымын есепке алды.

Кандидаттар осы сапар барысында Павлодар ауданы Набережное ауылдық мәдениет үйінде ауыл жастарымен кездесіп, олардың пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар Розов, Кемеңгер ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Одан бөлек, «Есіктен есікке дейін» акциясы аясында Ефремовка ауылында тұратын ардагерлердің үйлерін аралап, 19 наурызда болатын сайлау науқанына қатысу маңызыдылғын түсіндірді.

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары