24.02.2023, 10:36
Жаңалықтар
АҚШ Украинаға үлкен көмек пакетін жолдайды – CNN
Бөлінген қаражат АҚШ-та оқ-дәрі өндірісін қаржыландыруға жұмсалады
Фото: Reuters
АҚШ Украинаға 2 миллиард долларға жаңа әскери көмек пакетін жариялайды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі CNN-ге сілтеме жасап.
«АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Украинаны қорғанысын қолдау бастамасы үшін тағы 2 млрд доллар бөледі», - деп хабарлайды телеарна.
Бірінші кезекте қаражат АҚШ-та оқ-дәрі өндірісін қаржыландыруға жұмсалады. Бұдан басқа, жаңа көмек пакеті штаттарда шығарылатын техниканы қамтиды.
CNN атап өткендей, қаражат:
- HIMARS RSZO зымырандарына;
- 155 мм калибрлі артиллериялық оқ-дәріге;
- Ұшқышсыз ұшу аппараттарының әр түріне;
- Ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күресу құралдарына;
- Минадан тазартуға арналған жабдыққа;
- Байланыс жүйелеріне бөлінеді.
Қаржының бір бөлігі жеке құрамды даярлау және техниканы жөндеу бағдарламаларын қаржыландыруға бағытталады.
Бұған дейін АҚШ президенті Джозеф Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізілетіні туралы хабарлаған болатын.
Көп оқылған
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті
21.07.2026, 15:46
«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жас жігіт сотталып кетті (ВИДЕО)
21.07.2026, 17:43
«Қураған шөпті тұтатпақ болған»: Семейде алты жасар бала аулада тұрған көлікті өртеп жіберді
21.07.2026, 16:29
Атырауда қолжуғыштан жылан шықты: видео желіде қызу талқыланып жатыр
21.07.2026, 17:15
Астанада жүк көлігі жеті көлікті соғып, аударылып қалды (ВИДЕО)