$ 516.16  584.86  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Серб мұсылмандары әуежайларға бойкот жариялауға шақырды

Сербияның исламдық қауымдастықтары Ниша мен Кралевадағы әуежайларға бойкот жариялауға шақырды

Серб мұсылмандары әуежайларға бойкот жариялауға шақырды

Олар әуе айлақтарының қызметкерлері діни нұсқауларға сәйкес киінген мұсылман әйелдерге «дұрыс қызмет көрсетпейді», яғни ондай жолаушылар қорланып, кемсітушілікке ұшырайды деп мәлімдейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Еuronews-ке сілтеме жасап.

«Біз бас киімді, сондай-ақ басқа да киімдерді шешуді талап ететін нәрселерге жауап беру үшін кеңес сұрағандардың дәлелдерін жинап, өңдедік», - дейді Сербияның Ислам қауымдастықтары кеңесінің вице-төрағасы Решад Плойович.

Әуежай қызметкерлері ережелердің барлық жерде бірдей екенін мәлімдейді. Діни көзқарасына қарамастан, әрбір жолаушы сырт киімін және басы мен бетін жабатын заттарды алып тастауға міндетті.

«Бұл жағдайда хиджабты шешкісі келмейтін жолаушылар үшін тексеру бөлмелері бар. Жолаушылардың қадір-қасиеті мен қол сұғылмаушылығы еш бұзылмайды. Біз ешқандай кемсітушіліктің жоқ екеніне және қызметкерлеріміздің қауіпсіздік талаптарына сәйкес әрекет ететініне сенімдіміз», - деді «Сербия әуежайлары» директорының орынбасары Живоин Тасич.

Алайда Ислам қоғамдастығының өкілдері Нише мен Кралевте ғана осындай талаптар қойылатынын, мысалы, Белградта олай емес деп сендіреді. Әуежай басқармасы бұған дейін мұндай сипаттағы шағымдардың түспегенін мәлімдейді.

Серіктес жаңалықтары