Қажетті сараптамалар тағайындалды
Полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, қаңғыбас иттерді аулап, олардың етін сатқан Ақмола облысының 41 жастағы тұрғынын анықтап, ПБ-не жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жануарларға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша ҚР ҚК 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Тұрғылықты жерін тексеру барысында жалпы салмағы 750 келіге жуық 50 сойылған иттің өлексесі табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Тергеуге мүдделі мемлекеттік органдар тартылды. Қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарына сәйкес тергеудің өзге де егжей-тегжейлері жария етілмейді.