$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар жер сілкінісінен зардап шеккен түркиялықтарға 5 млн доллар жинап берді - елші

Ел Үкіметі 1 млн доллар жолдады                                                                

Қазақстандықтар жер сілкінісінен зардап шеккен түркиялықтарға 5 млн доллар жинап берді - елші
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/ Әбілқасым Есентаев

Қазақстандықтар жер сілкінісінен зардап шеккен түркиялықтарға 5 млн доллар жинап берді. Бұл туралы Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджи айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"Өзге де көмек көрсетумен қатар, Қазақстан тұрғындары ақшалай көмек көрсетті. Жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін арнайы ашылған ресми шотқа шамамен 5 миллион доллар түсті", - деді Уфук Екиджи.

Сонымен қатар, елші  барша қазақстандыққа алғысын білдіріп, Қазақстан Үкіметі 1 млн доллар көлемінде қаржылай қолдау көрсеткенін атап өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандықтар Түркияда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 34 млн теңге жинаған.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияда 7,6 баллдық жер сілкінісі болды. Оның салдарынан 43 мыңнан астам азамат қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары