Түркияда жер сілкінісі кезінде ескі ғимараттар көп құлаған
Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи БАҚ өкілдеріне арналған брифингте еліміздегі түркиялық құрылыс компаниялары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Елші атағандай, жер сілкінісі кезінде ескі ғимараттар көп құлаған. Бөренелері үлкен ғимараттар да бүлінген.
“Қазір барлық ғимараттың құлауы себебін зерттеу жүргізіліп жатыр. Егер құрылыс материалдары сапасыз немесе құрылыс стандарты мен нормалары орындалмағаны анықталса, жауапты тұлғалар сот алдында жауап береді. Сондай-ақ, жер сілкінісі кезінде құламаған ғимараттар да бар”,- деді ол.
Елші шетелде еңбек ететін түркиялық құрылыс компаниялары туралы айтты.
“Түркияның мердігер компаниялары құрылыс саласында көшбасшы орынға ие. Шетелде ірі деген түркиялық компаниялар жұмыс істейді. Олар сол елдің тәртібі мен нормаларына сай жұмыс істейді. Жергілікті органдар түрік компанияларының жұмысын тексереді. Сондықтан мердігер компаниялар сапасыз жұмыс істеп жатыр деп айтуға болмайды”,- деді ол.
Елшінің айтуынша, салынған үйлердің құрылысына шағын немесе орта компаниялар жауап береді.
“Ал шетелде, оның ішінде Қазақстанда жұмыс істеп жатқан компаниялар ірі болып саналады. Әрине, зілзаланың салдары тексеріледі, зерттеледі. Бірақ Қазақстанда ірі, өздерін жақсы қырынан көрсеткен компаниялар жұмыс істеп жатыр”,- деді ол.
Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияда 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Оның салдарынан 43 мыңнан астам азамат қаза тапты.