Байланыс операторларына абонентке қажетсіз қызметтерді таңуға тыйым салынады
Бәсекелестікті қорғау агенттігі министрлікке арнайы ұсыныс жолдады
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттер талап етпеген қызмет көлемін таңу жағдайларын жою, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Агенттік өкілдері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне абоненттердің құқықтарын қорғауға бағытталған байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жіберді.
Бұған дейін агенттікке тарифтік жоспарға енгізілген қызметтер көлемінің өзгеруі туралы тарифтік жоспарлардың құнын біржақты арттыру бойынша ұялы байланыс операторларының әрекеттеріне азаматтардан өтініштер келіп түскен болатын (Гб, дауыстық қоңыраулар минуттарының, sms-хабарламалардың ұлғаюы және т.б).
«Материалдарды талдаудан кейін ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспарда абоненттер талап етпесе де, қызметтер көлеміне шамалы өзгерістер енгізетіні анықталды. Сонан соң бір мезгілде тарифтік жоспардың құны артады. Осыған байланысты, ұялы байланыс операторларының бағаны көтере отырып, абоненттер талап етпеген қызмет көлемін таңу жағдайларын жою үшін БҚДА байланыс саласындағы уәкілетті органға белгілі бір ұсынымдар әзірледі. Атап айтсақ, ұялы байланыс операторларына негізі бар шығындар аясында байланыс тарифі жоспарының құнын арттыру жайын қоспағанда, шарттарын өзгертуге тыйым салуы туралы ұсынысты жолдады», - делінген хабарламада.
Ұсынылған ұсынымдар байланыс қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Олар оператормен шарт жасасу кезінде келіскен тарифтік жоспарлардың шарттарын пайдалануға құқылы. Сондай-ақ, өзінің тарифтік жоспарының шарттарына қанағаттанбаған абонент шарттары қолайлы өзге тарифтік жоспарға ауысуға да құқығы бар.
Қазіргі кезде БҚДА-ның ұсыныстары ЦДИАӨМ қарастырылып жатыр.