«AMANAT»: Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету – маңызды міндеттің бірі

Azattyq Rýhy

Қызылордада мәслихат депутаттығына үіткерлер банк филиалының ұжымымен кездесті

«AMANAT»: Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету – маңызды міндеттің бірі
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлаушылармен кездесуді жалғастырып жатыр. Үміткерлер бүгін «Отбасы банк» АҚ өңірлік филиалының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Депутаттыққа кандидат Гүлнар Есқалиева кездесу барысында партия бағдарламасының артықшылықтары мен басым бағыттарын баяндады.

«2022 жыл барлығымыз үшін ауқымды қайта құруларымен маңызды әрі мәнді болды. Соның бір тармағы саналатын конституциялық реформа жүзеге асырылды, қоғам өмірінің барлық саласы жан-жақты жаңартылды. Соның нәтижесінде, Әділетті Қазақстанның берік іргетасы қаланды. Өткен президенттік сайлау биліктің барлық тармақтарын қайта құруға және трансформациялауға оң серпін берді», - деді Гүлнар Есқалиева.

Жиында Талғат Тлес қала жастарына қолайлы орта қалыптастыру, оларға түрлі бағдарламалар негізінде жеңілдетілген несиемен пәтер алу мәселелерін қамтыды.

«Қазір қаламызда 76 мыңнан астам жас бар. Қалада жастардың табысты қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалған. Жыл сайын студенттер саны өсіп келе жатқан колледждер мен ЖОО желісі жеткілікті өсуде. Жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды. «AMANAT» партиясы мен «Жастар рухы» жастар қанатының жұмысында әлеуметтік лифтілерді құруға, тұрғын үй құрылысы, жұмыспен қамту, білім берудің мемлекеттік бағдарламалары бойынша және жас отбасылар үшін баспана проблемаларын шешуге аса назар аударылып келеді. Мемлекеттің азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарлаларын жүзеге асыруда «Отбасы банк» АҚ қоғамының өзіндік орны бар. Партияның осы бағыттағы игілікті істерін берлесіп жүзеге асыру үшін ұжым қызметкерлерін бір ауыздан қолдап дауыс береді деп сенемін», - деді Талғат Тлес.

«Партия тарапынан облыстық мәслихат депутаттығына түрлі саладағы,  түрлі санаттағы азаматтар үміткер болуда. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да болғаны үлкен өзгеріс деп ойлаймын. Бұл арқылы өз тағдырластарымның басты мәселелерін шешуге ықпал етуді көздеймін. Қазіргі кезде ғимараттардағы пандус, көзі көрмейтін жандарға мекемелерде қолайлы орта қалыптастыру бойынша бірқатар шаралар қабылдау жоспарымда бар», - деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сиюов Сағатбек.

Кездесу барысында сайлаушылардың ұсыныс пікірлері жинақталып, үгіт материалдары таратылды.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.