Пәкістанның 9 азаматы Қазақстанға заңсыз өтпек болды – ҚР ҰҚК Шекара қызметі

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейін тергеу басталды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Пәкістанның 9 азаматы елге заңсыз өтпек болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2023 жылғы 15 ақпанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады», - делінген хабарламада.

Ұсталындарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады.