$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда көліктік бақылау инспекциясының бас маманы 13 серіктестіктен 23 млн теңге пара алған

Сот үкімімен ол 8 жылға сотталды

Атырауда көліктік бақылау инспекциясының бас маманы 13 серіктестіктен 23 млн теңге пара алған
Фото ашық дереккөзден

Атырауда көліктік бақылау инспекциясының бас маманы 13 серіктестіктен 23 млн теңге пара алған. Сот үкімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау қаласының №2 сотында облыстық көліктік бақылау инспекциясының бас маманына қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 3,4-тармақтарымен (Ірі мөлшерде бірнеше рет пара алу) қозғалған қылмыстық іс қаралды.

«Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы С. ірі габаритті немесе ауыр салмақты көлік құралдарының Атырау облысы аумағынан кедергісіз қозғалуына ықпал жасағаны үшін 2020-2022 жылдар аралығында 13 ЖШС-дан бірнеше рет ірі мөлшерде пара алып келген. Жалпы сомасы 23 817 000 теңгені жұбайының, анасының, енесінің, әріптесінің жұбайының атындағы «Kaspi Gold» қосымшасындағы шоттар арқылы алған. Көрсетілген мән-жайлар мен сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, жедел-тергеу әрекетінің нәтижелерімен, бейнежазбалармен, арнайы тексеру құжаттарымен, сот фонографиялық, сот психологиялық-филологиялық сараптамалар және аудиторлық қорытындылармен дәлелін тапты», - делінген хабарламада.

Прокурор сотталушыға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынған. Алайда, сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, өзін ақтауды сұраған.

Сот үкімімен ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылып, 8 жылға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Атырау #Пара алу