АҚШ 2024 жылы НАТО саммитін қабылдайды – Байден

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейінгі НАТО Саммиті 2022 жылы маусымда Мадридте өтті

Фото ашық дереккөзден

АҚШ 2024 жылы НАТО саммитін қабылдайды, бұл туралы Варшавада сөйлеген сөзінде американдық көшбасшы Джо Байден мәлімдеді.

«Келесі жылы мен НАТО-ның барлық мүшелерін АҚШ саммитіне қабылдаймын. Біз бірге әлем тарихындағы ең мықты қорғаныс одағының 75 жылдығын атап өтеміз», - деді саясаткер.

Ол өз сөзінде Ресей президенті Владимир Путиннің НАТО-ның бөлінетініне сенгенін, алайда альянстың одан да біртұтас бола түскенін атап өтті.

Сондай-ақ, Ақ үй басшысы АҚШ пен одақтастар бірігіп, Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне жауап бере алғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейінгі НАТО Саммиті 2022 жылы маусымда Мадридте өтті. АҚШ 2012 жылы Альянс саммитін өткізді, іс-шара Чикагода өтті.