Көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы төленеді – министрлік жауабы
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді
Қаңтарда 532,6 мың көпбалалы отбасына 33,1 млрд теңгеге жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасындағы:
- - 4 баласы бар отбасығы – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
- - 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
- - 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
- - 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
- - 8 және одан да көп баласы бар отбасыға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде төленеді.
Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқанын атап өтеміз.