20.02.2023, 21:48
Жаңалықтар
Ауа райының бұзылуына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды
Ертең Астанада түнде және таңертең жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады
Фото ашық дереккөзден
Ауа райының бұзылуына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
«Бүгін сағат 18.30-дан бастап қалың қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты «Астана-Петропавл» тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығында (трассаның 18-231 шақырымы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды», - делінген хабарламада.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 21 ақпанда Астанада түнде және таңертең жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
