$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райы болжамы: солтүстікте қар жауып, көктайғақ, тұман болады

Республиканың батысында ауа температурасы түнде 0-8-ден 7-15-ке дейін төмендеуі күтіледі

Ауа райы болжамы: солтүстікте қар жауып, көктайғақ, тұман болады

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Azattyq Ruhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамына сүйенер болсақ, алдағы күндері Қазақстандағы ауа райын үлкен қоры бар белсенді Атлантикалық циклон анықтайтын болады. Сонымен байланысты республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын, қар және жаңбыр түрінде, көктайғақ құбылыстары, тұман, екпінді жел болжанады.

Күндіз ҚР оңтүстігінде найзағай күтіледі.

«Республиканың батысында ауа температурасы түнде 0-8-ден 7-15-ке дейін төмендеуі күтіледі, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында 5-15 аяздан 0-8 аязға дейін жоғарылайды, орталығында 2-15 аяздан 3 аяз-3 жылыға дейін ауытқиды, республиканың оңтүстік жартысында түнде  3 аяз-3 жылы күтіледі», - делінген синоптиктер болжамында.

Серіктес жаңалықтары