$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

РФ Украинаның Днепропетровск облысына оқ жаудырды: жергілікті тұрғындар жарақат алды

Атылған оқтың нәтижесінде оннан астам ғимаратқа зақым келіп, көліктер жойылды

РФ Украинаның Днепропетровск облысына оқ жаудырды: жергілікті тұрғындар жарақат алды
Фото: Zn.ua

РФ Украинаның Днепропетровск облысының аумағына оқ жаудырды, нәтижесінде бірнеше жергілікті тұрғын жарақат алып, инфрақұрылым зақымданды. Бұл туралы облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Лысак өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Днепропетровск облысында дүрбелең жағдай болды. Жау күні бойы Никополь және Синельников аудандарын артиллериямен атқылады. Оқ ату кезінде екі тұрғын жараланды. Олар 70 және 63 жастағы ер мен әйел. Екеуі де ауруханаға жатқызылды», - деп жазды аймақ басшысы.

Оның айтуынша, Синельников ауданында Великомихайловская громадасына оқ атылды. Никопольскийде Марганец пен Мир громадтары, сондай-ақ аудан орталығы – Никополь атқыланды.

Zn.ua басылымының жазуынша жекеменшік үйлердің бірінде снаряд салдарынан өрт шығып, оны өрт сөндірушілер бір сағат ішінде сөндірді.

Никополь ауданында барлығы 13 жеке үй зақымданды. Бірнеше қосалқы ғимарат қирады. Сол сияқты екі көлік, трактор және мотоцикл де жойылды. Екі газ құбырына да зиян келді.

Синельников және Никополь аудандарында электр желілеріне зақым келтірді, нәтижесінде 350-ден астам үй қуат көзінен ажырап қалды.

Серіктес жаңалықтары