$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жапония КХДР-дың зымыран ұшыруына байланысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді сұрады

Елдің премьер-министрі Фумио Кисида бұл мәселе бойынша АҚШ пен Оңтүстік Кореяның тығыз ынтымақтастығы қажет екенін айтты   

Жапония КХДР-дың зымыран ұшыруына байланысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді сұрады

Жапония Үкіметі КХДР-дың зымыран ұшыруына байланысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС-қа сілтеме жасап. 

«Солтүстік Корея құрлықаралық класты баллистикалық зымыран ұшырылғаннан кейін баллистикалық зымырандарын ұшырды. Сондықтан, қазір біз БҰҰ қауіпсіздік кеңесінен шұғыл отырыс өткізуді сұраймыз», - деді ол.

Жапония премьер-министрі АҚШ-пен екі жақты форматта, Оңтүстік Кореяның қатысуымен үш жақты форматта тығыз ынтымақтастық қажет екенін мәлімдеді.   

Пхеньян дүйсенбі күні таңертең екі баллистикалық зымыранды ұшырды, жапон қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша олар 350 және 400 км ұшып, Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс Жапон теңізіне құлады. Бастапқыда Жапонияның Жағалау күзеті зымыран ұшырулары туралы үш хабарлама шығарды.

КХДР-дың зымыран ұшыруы биыл үшінші рет болып отыр. Өткен жылы Пхеньян рекордтық 37 ұшыруды жүзеге асырды. Оның барысында 70-тен астам зымыран ұшырылды.  

Серіктес жаңалықтары