Петропавлда жатақханадан өрт шығып, 107 адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт себебі анықталып жатыр

Фото ашық дереккөзден

Петропавлда секциялық типтегі жатақханада өрт шығып, құтқарушылар 107 адамды эвакуациялады, оның ішінде 13-і – бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Өрт бес қабатты үйдің екінші қабатындағы бөлмеде шыққан. Өрт аумағы -20 шаршы метр.

«Оқиға орнында 41 адам жұмыс істеді, 13 техника жұмылдырылды. 107 адам эвакуацияланды, оның ішінде 13-і – бала. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, ғимараттың бірінші қабатында барбершоп, мейрамхана және банк филиалы орналасқан.