19.02.2023, 13:21
Жаңалықтар
Храпуновқа тиесілі жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Оған қарасты барлық жер телімінің жалпы құны 5 млрд теңгеден асады
Фото ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысында былтыр 37 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл 533 участок деген сөз. Оның жетеуі осы облысты 2004-2007 жылдар аралығында басқарған Виктор Храпуновқа тиесілі болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Бұрынғы әкім ең шұрайлы жерлерді иеленген. Мәселен Бұқтырма су қоймасының жағалауы мен Самар ауданында бірнеше жер телімдері болғаны анықталды.
Сонымен қатар Өскемен қаласында 4 учаскені алып қойған. Бұл жерлер 10 жылдан бері бос тұрған.
Облыстық прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, Храпуновқа қарасты барлық жер телімінің жалпы құны 5 миллиард теңгеден асады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды