Екібастұзда ЖЭО-дағы ақау жойылып, 6 қазандық іске қосылды

Azattyq Rýhy

Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында

Екібастұзда ЖЭО-дағы ақау жойылып, 6 қазандық іске қосылды
Фото ашық дереккөзден

Екібастұзда ЖЭО-дағы ақау жойылып, 6 қазандық іске қосылды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабармәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2023 жылғы 18 ақпанда сағат 04.37-де Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды. Нәтижесінде салқындатқыш температурасының параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылды. Шамамен сағат 20.00 кезінде жөндеу жұмыстары аяқталды, коллекторды толтырғаннан кейін сағат 23.00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін кезек-кезек су жылыту қазандықтарын іске қосылуы басталды. Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы 70 градус» - делінген хабарламада.

Оқиға орнында ТЖМ, Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеуде. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.