$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» партиясы сайлау бюллетенінің бірінші нөміріне ие болды

Партияның партиялық тізімінде 90 адам бар

«AMANAT» партиясы сайлау бюллетенінің бірінші нөміріне ие болды
Әли Ғалым

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында саяси партиялардың сайлау бюллетеньдеріндегі кезектілігі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жеребе қорытындысына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарын кезектен тыс сайлауда дауыс беру кезінде партиялық тізімдер бойынша «AMANAT» партиясы сайлау бюллетеньдерінің бірінші нөміріне ие болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы «AMANAT» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеген болатын.

«AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев партияның партиялық тізімінде 90 адам бар екенін атап өтті. Оның 29-ы – әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар. Бұл – тізімге енгізілген жалпы санның 32,2%-ын құрайды.

Партиялық тізімдер бойынша ұсынылған кандидаттардың толық тізімімен осы сілтеме бойынша танысуға болады: https://t.me/AMANATPartiyasy/9852. бірмандатты округтер бойынша: https://t.me/AMANATPartiyasy/9853.

Сайлауалды бағдарламаның толық мәтіні үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күнінде жарияланып, партияның сайтына орналастырылады.

Еске сала кетейік, биыл 7 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезі өтіп, соның қорытындысы бойынша партия барлық деңгейдегі мәслихаттарға 3821, Парламент Мәжілісіне 119 кандидат ұсынды. Еліміздің өкілді органдарына ұсынылған «AMANAT» кандидаттары 75%-ға жаңарды.

Серіктес жаңалықтары