18.02.2023, 16:51
Жаңалықтар
Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен футболшының денесі табылды
Бұл туралы спортшының агенті мәлім етті
Фото ашық дереккөзден
Бұрын Түркиядағы жер сілкінісі кезінде хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген Гана құрамасы мен «Хатайспор» түрік футбол клубының жартылай қорғаушысы Кристиан Атсу қаза тапты. Бұл туралы спортшының агенті Мұрат Ұзынмехмет Twitter-дегі аккаунтында жариялады.
«Христиан Атсу табылды. Өкінішке қарай, ол қайтыс болды», - деп жазды агент.
Айта кетейік, магнитудасы 7,7 және 7,6 болатын жер сілкінісі 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп қаласының маңындағы Кахраманмараш провинциясында Сирия шекарасына жақын жерде болды. Түркияда 12 ақпанға дейін Жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Соңғы мәліметтер бойынша Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 мыңнан асты.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті