Жапониядағы қазақстандықтар есепке алына бастады
Қазақстанның Жапониядағы елшілігі санақ жүргізеді
Қазақстанның Жапониядағы елшілігі сол елдегі қазақстандықтардың санағын жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Елшіліктің сайтына сілтеме жасап.
«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Жапония аумағындағы қолайсыз дамып келе жатқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты Елшілік Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының санағын жүргізуде. Төтенше жағдай болған жағдайда одан арғы іс-қимылдарды хабарлау үшін мына сілтеме бойынша - өзіңіздің жеке мәліметіңізді (аты-жөні, туған күні, мекен-жайы және байланыс) ұсынуды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жапонияда коронавирус жұқтырған адамдардың көбеюіне байланысты Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Қазақстанның азаматтары үшін +81 80 2111 0909 нөмірі бойынша қауырт желі ашылғанын болатын.