17.02.2023, 08:40
Жаңалықтар
Доллар тағы құлдырады: 17 ақпандағы валюта бағамы қандай
Ұлттық банк жұмаға арналған валюта бағамын жариялады
Фото: exk.kz
Қазақстанның Ұлттық банкі 17 ақпанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни жұмада доллар бағамы тағы 3 теңгеге құлдырап, 444,09 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 447,29 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 5,95 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 445 теңгеден сатып алынып, 450 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 444 теңгеден сатып алынып, 447,5 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 444,09 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 475,09 (еуро)
- RUB / KZT – 5,95 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 23,56 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 64,78 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,11 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 3,91 (өзбек сомы).
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды