$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміз бойынша, қар, кей өңірде жаңбыр жауады

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Бүгін еліміз бойынша, қар, кей өңірде жаңбыр жауады
© Sputnik

Синоптиктер 17 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Солтүстік-батыс циклонның жырасымен байланысқан атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, соған байланысты қар, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (қар және жаңбыр түрінде) жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, батысында, солтүстік-батысында, орталығында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында көктайғақ болуы мүмкін.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарда қатты жаңбыр, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында а қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 2-7 градус аяз болады.

Алматыда – көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, бұрқасын) болады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 8-10 градус жылы болады.

Серіктес жаңалықтары