АҚШ-та коронавирустан бір адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

Вашингтон штатында коронавирустың таралуына және  COVID-19 вирусынан бір адамның қайтыс болуына байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.

«Мен, Джей Инсли, Вашингтон штатының губернаторы, қазіргі жағдайға байланысты Вашингтон штатының барлық округында төтенше жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеймін», - делінген губернатор Қаулысында.

Штат губернаторы мемлекеттік мекемелерге және департаменттерге мемлекеттік қаражатты пайдаланып, коронавирустың таралмауы үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды.

«АҚШ-та коронавирустан қайтыс болған бірінші адам - 50 жастағы әйел. Ол елден шықпаған», - деп жазады басылым.

Айта кету керек, Қытайда ауру жұқтырғандар саны 79,8 мыңнан асып, 2870 адам көз жұмды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, бүкіл әлемде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 85,4 мыңнан асқан.