Маңғыстау облысында төрт адам ата-ана құқығынан айырылды
Олар өз міндеттерін толық орындамаған
Маңғыстау облысында төрт адам өз міндеттерін толық орынамағаны үшін ата-ана құқығынан айырылды,деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңсыздықты болдырмау және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында профилактикалық шаралар жиі атқарылады. Соған қарамастан жасөспірімдер арасында ұрлық пен топтасып төбелесу сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтар жиі кездеседі.
«Биыл екі айда профилактикалық есепке 31 жасөспірім қойылып, тәрбиелік ықпал ету шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың тәрбиесімен тиісті дәрежеде айналыспайтын бес адамға қатысты іс Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотына жолданды. Төрт адам ата-ана құқығынан айырылып, бір адамның ата-ана құқығы шектелді», - деп жазады медиа-портал.