01.03.2020, 10:34
Жаңалықтар
Павлодарда автокөлік өртенді
Өрттің себебі анықталып жатыр
Фото: pavlodarnews.kz
Павлодарда мейрамхананың жанында тұрған көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт 29 ақпан күні Лермонтов көшесінде болған.
«Дипломат» ресторанының маңында тұрған бір көліктің мотор бөлігінде от тұтанған. 1992 жылғы Audi көлігінің моторында екі шаршы метр аумақтағы резеңке-техникалық бұйымдар жанған. Жалын 19:01-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері мен екі техника жұмылдырылды», - делінгее хабарламада.
Өрттің шығу себебі және келген шығын анықталып жатыр.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты
18.08.2026, 15:35
Астанада Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты алғашқы сот отырысы басталды