$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейде киім тапшылығы болуы мүмкін

Мұны киім өндірушілер ресейліктерге ескертті

Ресейде киім тапшылығы болуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Түрік киім өндірушілерінің қауымдастығы Ресейде киім тапшылығы күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy "Mash" Telegram арнасына сілтеме жасап.

Қауымдастық ресейліктер Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Түрік киімінің тапшылығын күтілетінін айтты.

"Зауыттардың өздері зардап шекккен жоқ. Бірақ олардың қызметкерлерінің бір бөлігі зілзаладан қайтыс болғандықтан кәсіпорындар жұмысын тоқтатты.

Сондай-ақ, зауыт нысандары зардап шеккендерге паналайтын орталыққа айналған. Олардың басым бөлігі – Диярбакыр қаласында", - делінген басылымда.

Қазіргі уақытта кәсіпорындар біртіндеп жұмысты бастаған. Десе де олар бұрынғы көлемнің 20-25%-ын ғана орындайды. Осылайша, Түркиядағы табиғи апат тек тұтынушыларға ғана емес, жеткізушілерге де әсер етіп отыр. Атап айтқанда, кейбір брендтер шетелге жеткізу жағынан бас тартқан. Компаниялардың бірінде олар өндірістік қуаттарды басқа елдердегі зауыттарға таратпақшы екендігі айтылды. Ал Түркия - Ресейге ең ірі киім жеткізушілердің бірі.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда Түркияда қатты жер сілкінісі болып, қалалар мен провинциялар зардап шекті. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 35 418 адам қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары