Көктемнің алғашқы күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы жылы болады
«Қазгидромет» РМК 1 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Синоптиктер көктемнің алғашқы күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы жылы болады деп болжайды.
«Боран мен қардан кейін қазақстандықтарды жылы демалыс күндері күтеді. 29 ақпан мен 2 наурыз аралығында республиканың басым аумағында қауіпті табиғи құбылыстардан тек тұман түседі. Еліміздің батысында ғана күн бұлтты, көктайғақ пен қатты жел болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан бойынша ауа температурасы орташа көрсеткіштен жоғары болады.