ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 115 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда Qazaq kuresi Қауымдастығы құрылды

Қауымдастықтың президенті қызметіне Кәрім Мәсімов сайланды

Фото: vesti.kz

29 ақпанда Назарбаев Университетінде Qazaq kuresi Қауымдастығының Конгресі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Республикалық қазақ күресі федерациясының бірлескен Конгресінде сала мамандарының қолдауымен Qazaq kuresi ассоциациясы құрылды. Қауымдастықтың президенті қызметіне Кәрім Қажымханұлы Мәсімов сайланды.

«Осында жиналған баршамыздың негізгі мақсатымыз қазақ күресін олимпиада ойындарының қатарына кіргізу. Сол себепті де бүгін көз алдарыңызда Қазақ күресі ассоциациясы құрылды. Ассоцияция өз кезегінде халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс жасай отырып, қазақ күресін Олимпиада бағдарламасына енгізу жолында жұмыс жасайды», - деді  Конгресс барысында Ассоциация президенті.

Сондай-ақ, Кәрім Қажымханұлы осы уақытқа дейін қазақ күресі саласында жұмыс жасап келген ұйымдардың бір қауымдастық аясында бірігуін үлкен жетістікке балады.