$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркия мен Сириядағы ахуал: жаппай инфекция тарау қаупі туындады

Екі елде зілзаладан құрбан болғандар саны 41 мыңнан асты

Түркия мен Сириядағы ахуал: жаппай инфекция тарау қаупі туындады
Фото ашық дереккөзден

Түркияда жер сілкінісінен соң құтқарушылар 48 сағаттан кейін адамдарды тірі табу мүмкіндігі аз екенін қарамастан, үйінділерден адамдарды іздеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ryhy агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Апаттан тоғыз күн өткен соң сәрсенбіде Кахраманмараш қаласындағы үйінділерден екі әйел құтқарылды.

Құтқарылған әйелдердің бірі – Джемиле Кекеч, 74 жаста. Онымен бірге 42 жастағы қызы Мелика Имамоглу құтқарылды.

«Біз жер сілкінісінен кейінгі 226-шы сағатта құтқарушылырдың күш-жігерінің арқасында үйінділердің астынан тірі қалған 74 жастағы Джемила Кекечтің құтқарылғанына куә болдық», - деп жазды Дарыджа қаласының мэрі Музаффер Байык өзінің Facebook-тегі видеосының астында.

Түркия мен Сирияда сәрсенбіде құрбан болғандар саны 41 мыңнан асты. Миллиондаған тірі қалғандар мен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қажет, олардың көпшілігі қысқы суықта баспанасыз қалды.

Ауру тарауы мүмкін...

Қазір билік пен құтқарушылардың назары аман қалғандарға қалай көмектесуге ауысты. Кахраманмарашта жер сілкінісінің ортасында қалып, қашып үлгергендер қалалық стадионда құрылған шатырлы қалада тұрады.

Кахраманмараштағы стадиондағы бүкіл лагерьде тек алты дәретхана бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Түркиядағы өкілі Батыр Бердіклычев зардап шеккен аудандарда су жетіспеушілігі жұқпалы аурулардың өршу қаупін арттыратынын ескертті.

Тағы бір зардап шеккен Искендерун қаласында фармацевт Жан Өзсайгили де аурудың өршуі туралы айтады.

«Біз тырысқақ пен іш сүзегінің эпидемиясын күтеміз. Бұған жол бермеу үшін барлық қоқысты шұғыл түрде тазалау керек, бірақ қазіргі уақытта бұл мүмкін емес. Біз аурудың алдын алуға барынша тырысамыз», - деді ол.

Сириядағы жағдай

Сириядағы ахуал азаматтық соғысқа қатысты күрделі болып отыр. Зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету әрекеттері бірнеше рет сәтсіз аяқталды, өйткені жол әртүрлі соғысушы күштердің қақтығыс сызықтары арқылы өтеді.

Гуманитарлық топ сәрсенбіге қараған түні солтүстік-батыстағы ең көп зардап шеккен аудандарға жете алды. Куәгер Reuters агенттігіне Сирияның демократиялық күштері (SDF) бақылайтын аумаққа көрпелер, азық-түлік, шатырлар мен дәрі-дәрмектер салынған жүк көлігі келгенін растады.

Джандарис қаласы – түрік шекарасынан бірнеше шақырым жерде орналасқан және Сирияда жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен аудандарының бірі. Онда 200-ге жуық ғимарат толығымен қирап, үйінділерден 500-ден астам мәйіт алынған.

Аудандағы іздеу-құтқару жұмыстарын Сирияның Азаматтық қорғанысы ұйымы басқарады. Олардың мәліметтері бойынша, мұнда 5 миллионға жуық адамның 90%-ы жер сілкінісіне дейін гуманитарлық көмекке мұқтаж болған.

Серіктес жаңалықтары