Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің бірқатар кәсіпорнына барып, энергетикалық және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады деп жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.