$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық ғылым кезең-кезеңімен трансформацияланады – Саясат Нұрбек

Министр АҚШ, Германия және Финляндияның халықаралық үлгісі ескерілетінін айтты

Қазақстандық ғылым кезең-кезеңімен трансформацияланады – Саясат Нұрбек
Фото ашық дереккөзден

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылымды қажет ететін саланы экономикалық тиімді салаға айналдыру аясында тиісті ведомствоның алдына қойылған бірқатар жаңа міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министр ҚР Үкіметінің отырысында нақты нәтижелерге бағдарланған ұлттық ғылым жүйесін кезең-кезеңімен трансформациялау қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында ғылым елдің бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін жаңа өндіріс технологияларына бағытталатынын айтты. Осы тұрғыда ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың маңыздылығын атап өткен жөн. Сәтті коммерцияландыру қосылған құнды арттыруға, бизнестің және тұтастай алғанда елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді», - деді Саясат Нұрбек.

Министр атап өткендей, ғылымдағы жұмыс процестерінің еліміздің өндірістік қажеттіліктеріне кезең-кезеңімен көшуі күтіліп отыр. Инновациялық өнімді нарыққа шығаруды ведомство үш елдің – АҚШ, Германия және Финляндияның халықаралық үлгісінде қарастырды.

Серіктес жаңалықтары