12.02.2023, 13:19
Жаңалықтар
Жетісу облысында 17 жастағы бозбала ауылдастарын пышақтап тастады
Пышақ жарақатын алған 17 және 18 жастағы екі адам ауруханада жатыр
фото: ашық дереккөзден
Жетісу облысында 17 жастағы бозбала құрдастарын пышақтап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
10 ақпан аудандық ауруханаға 17 және 18 жасар екі жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен жатқызылды. Жәбірленушілерді 17 жастағы танысы жарақаттағаны анықталды.
«Күдікті ұсталды және қамауға алынды. Фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 24-бабына, 99-бабына сәйкес «Адам өлтіруге оқталу» жүргізіледі»,- деп көрсетті ҚР ІІМ.
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды