Жамбыл облысында ауа райына байланысты жедел желі іске қосылды
Ауа райына байланысты тас жолдың бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектелген

Түркістан облысында Жамбыл облысы – Машат елді мекені тас жолында 200-ден астам көлік жиналып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Түлкібас ауданының Шақпақ-баба ауылы, А-2 «Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент» тас жолының жабық учаскесінің алдында 120 жеңіл, 100 жүк көлігі, 600-ге жуық жолаушы және 15 жолаушылар автобусы жиналып қалды.
Түлкібас ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.
Жұмысқа ТЖ, полиция департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жедел медициналық жәрдем бригадасының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Сонымен қатар, «жедел желі» телефоны ашылды: 8(7253)357881