10.02.2023, 23:52
Жаңалықтар
Түркиядағы зілзала кезінде құлаған элиталық тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі әуежайда ұсталды
Жер сілкінісі нәтижесінде үйлер құлағаннан кейін ағайынды екеуі де хабарсыз кеткен
life.ru
Стамбул әуежайында жер сілкінісі кезінде толығымен қираған Хатай провинциясындағы тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі Мехмет Яшар Джошкун ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Элиталық тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізген компания ағайынды сәулетші Мехмет Яшар Джошкун мен құрылыс инженері Хусейн Ялчын Джошкунға тиесілі. Жер сілкінісі нәтижесінде үйлер құлағаннан кейін ағайынды екеуі де хабарсыз кеткен. Оларға қатысты тергеу басталып, қамауға алуға санкция берілді.
Ал бүгін шетелге ұшпақ болған жерінен Мехмет Яшар Стамбул әуежайында ұсталды.
Полицияның хабарлауынша, ағайындылардың бірі Хусейн Ялчин қазір Черногорияда.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды