Бұл сұраққа Ұлттық банктің төрағасы жауап берді
«7-20-25» бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2021 жылы 7 бағдарламаның 5-ін қаржыландыру тоқтатылды. Аяқталған бағдарламалардың бюджеті 2,6 трлн теңгені құрады. Болашақта тағы 2 бағдарлама аяқталады деп күтілуде, олар «7-20-25» бағдарламасы және импортты алмастыруға және жаңа өндірістер құруға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы». Алайда түрлі жағдайлар ескеріліп бағдарлама 2023 жылдың соңына дейін жұмыс істейді», - дейді Ғалымжан Пірматов.
Банктің хабарлауынша, мемлекеттік бағдарлама 2029 жылға дейін жалғасады.