Құтқарушылар Мирболат Құрмашевты іздеуді жалғастыруда
Түркияда денесі табылған адамның Әділ Қадырбеков екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.
8 ақпанда кешке Хатай провинциясының Антакия қаласында іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде Түркия азаматы тірі табылып, оны бастапқыда Құбылай Кескин деп таныды. Бірақ кейіннен туыстары бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Бүгін, 9 ақпан күні таңертең іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып, олардың барысында Түркияның азаматы Құбылай Кескиннің денесі табылып, оны туыстары растады. Сондай-ақ, апат болған жерде ҚР азаматы Әділ Қадырбековтің де денесі табылды. Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан отандасымыздың денесін елге жеткізуге барынша жәрдем көрсетеді.
Біздің құтқарушыларымыз түрік әріптестерімен бірге Мирболат Құрмашевты іздеуді жалғастыруда.