«11 млн теңге алған»: Батыс Қазақстанда ақша бопсалаумен айналысқандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Polisia.kz

Оралда екі жыл бойы қорқытушылық қылмыспен айналысқан екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар 33 жастағы қала тұрғынын қорқытып, 11 млн теңге көлемінде ақша алған. Жәбірленушінің саяжайдағы үйімен мен жеке дүние мүліктерін өздерінің атына жаздырып алған.

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы БҚО бойынша ҰҚКД 5-ші басқармасымен бірлесіп осы іске күдікті ретінде бұрын істі болған 1966 және 1980 жылғы екі азаматты ұстады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.