$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің қай өңірінде су басу қаупі бар

Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Еліміздің қай өңірінде су басу қаупі бар
Фото ашық дереккөзден

Су басу қаупі Шығыс Қазақстан облысында бар. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Галидулла Азидуллин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Елімізде 10 ірі су қоймасы бар. Бүгінде барлық гидротехникалық құрылғылар, оның ішінде барлық су қоймасы тексеруден өткізілді. Ондағы мәселе «Қазсушар» РМК-ның мамандары ғана емес, бассейндік инспекцияларымен және Төтенше жағдайлар министрлігімен қаралды. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында авариялық жағдайда тұрған 2 су қоймасы транзиттік режимге қойылды. Бұл су қоймайларында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен су тасқыны апаты болмауы үшін олар транизиттік режимге қойылды. Онда су жиналмайды», - деді Азидуллин.

Қазақстандағы ірі су қоймалары:

  •  Бұқтырма, Шүлбі – Шығыс Қазақстан облысы
  •  Астана, Селеті, Чаглинка – Ақмола облысы
  •  Самарқант, Ынтымақ, Шерубай-Нұра су қоймасы – Қарағанды облысы
  •  Жоғары Тобыл, Қаратомар – Қостанай облысы

«Су басу қаупі Шығыс Қазақстан облысында бар. Бүгінде оны нақты айту қиын. Себебі негізгі болжам наурызда шығады. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп, жағдай бақылауға алынып отыр. Келетін судың көлеміне байланысты су қоймаларына бос сыйымдылық орнатылады. Мәселе нақты болжамға байланысты», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#су басу