08.02.2023, 11:42
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қыметі мәлім етті.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді», - делінген хабарламада.
Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
«Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды