$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өзбекстанда барлық жолда қозғалыс жылдамдығы төмендейді

Былтыр елде 10 мыңға жуық жол апаты болып, оның 2 мыңы қайғылы аяқталған

Өзбекстанда барлық жолда қозғалыс жылдамдығы төмендейді

Қазір Өзбекстандағы қалалардың шеткі аудандарында көлік жүргізушілері 70 км/сағ жылдамдықпен жүре алады. Енді мемлекет бұл жылдамдықты 60 км/сағ дейін төмендеткісі келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі asia24.media-ға сілтеме жасап.  

Бұл өзгеріс жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясының жобасында жарияланған. Президенттің мемлекеттік бағдарлама туралы жарлығының жобасына сәйкес, жылдамдықтың төмендеуі жол апатынан болатын өлім-жітімді кем дегенде 15%-ға төмендеутуі тиіс. 2022 жылы барлығы 10 мыңға жуық жол апаты болды, оның 2 мыңы қайғылы аяқталған.

Айта кетейік, өткен айда бірқатар учаскеде ең жоғары қозғалыс жылдамдығы сағатына 60 км-ге дейін шектелген болатын. Ташкентте жаңа ережелер шағын айналма жол шегіндегі көшелерде, Наманган мен Үргеніште қала бойынша, басқа өңірлерде, жекелеген көшелер мен жолдарда қолданыла бастады. Енді жалпы республикалық ереже 2023 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енуі мүмкін.

Бұған дейін Өзбекстан билігі қылмыспен күресуге көмектескені үшін ақшалай сыйақы енгізген.

Серіктес жаңалықтары