$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде орта білім беру ұйымдарының қызметі бір жылда 10%-ға қымбаттады

Негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтер көлемі 13%-ға өсті

Елімізде орта білім беру ұйымдарының қызметі бір жылда 10%-ға қымбаттады
Фото: vidhyarthidarpan

2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша барлық білім беру ұйымдары көрсеткен негізгі және жалпы орта білім беру қызметтерінің көлемі 444,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға артық, деп хабарлайды Azattyq Ruhy finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Қызметтің барлық көлемі (97,3 пайыз) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады: 433 млрд теңге, оған қоса жылына 12 пайыз қосылды. Халық есебінен 10,2 млрд теңге (+36,9 пайыз), кәсіпорындар есебінен - 1,7 млрд теңгеге (+27,6 пайыз) қызмет көрсетілді.

Өңірлік бөліністе негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтердің ең көп көлемі Алматы облысына тиесілі болды. Облыста 48 млрд теңге – бір жыл бұрынғыға қарағанда 24%-ға аз. Одан кейінгі орынды Түркістан (47,1 млрд теңге, +28,5 пайыз) және Қызылорда (30,9 млрд теңге, +28,4%) облыстары алды.

Ең аз қызмет Ұлытау (3,1 млрд теңге), Солтүстік Қазақстан (13,9 млрд теңге) және Атырау (14,4 млрд теңге) облыстарында көрсетілген.

Меншік нысандары бойынша мемлекеттік кәсіпорындар (431,4 млрд теңге, +12 пайыз) ең көп қызмет көрсетті. Одан кейін жеке кәсіпорындар (12,4 млрд теңге, +30,9 пайыз) және шетелдік кәсіпорындардың (1,2 млрд теңге, +15,1 пайыз) қызметі жоғары болды.

Кәсіпорындардың мөлшері тұрғысынан ең көп қызметті орта компаниялар (245,8 млрд теңге), одан әрі шағын (165,7 млрд теңге) және ірі (33,4 млрд теңге) кәсіпорындар көрсеткен.

Осы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша орта білім беру қызметтерінің бағасы бір жылда 9,5 пайызға өсті. Бағаның өсуі Павлодар облысының тұрғындары қатты сезілді. Білім беру қызметі бірден 26,1 пайызға өсті. Сондай-ақ, айтарлықтай өсім Түркістан (23,3 пайыз) және Атырау (22 пайыз) облыстарында тіркелді.

Сектордағы бағаның ең төмен жылдық өсімі Қарағанды және Ұлытау облыстарында (0,7 пайыз) тіркелді. Тағы төрт өңір – Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Жетісу облыстарында бағалар өткен жылдың қаңтар айындағы деңгейде қалды.

Серіктес жаңалықтары