$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде апатты жағдайда тұрған 3700 үй бар - Үкімет

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі айтты

Елімізде апатты жағдайда тұрған 3700 үй бар - Үкімет
Фото ашық дереккөзден

Республиканың тұрғын үй қорында тозығы жеткен және авариялық жағдайдағы 3 мың 700 үй бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Авариялық тұрғын үй иелерінің мәселелерін шешу және елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында бұзылатын үйлердің тізбесін айқындай отырып, қабылданған реновациялау бағдарламалары өзектендірілетін болады.

2029 жылға 1 мың 500 үйді бұзу және 40 мың меншік иесінің тұрғын үй мәселелерін шешуді қамтамасыз ету жоспарланған, оның ішінде биыл 3 мыңнан астам меншік иесін қамтитын 120 көппәтерлі тұрғын үй бар», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат.

Серіктес жаңалықтары