07.02.2023, 08:48
Жаңалықтар
Доллар тағы да арзандады: 7 ақпандағы валюта бағамы қандай
Ұлттық банк сейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның Ұлттық банкі 7 ақпанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сейсенбіде доллар бағамы тағы бір теңгеге арзандап, 457,7 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен аптаның соңында америкалық валюта бағамы 458,69 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,49 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 458 теңгеден сатып алынып, 462 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 457,5 теңгеден сатып алынып, 461 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 457,7 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 492,81 (еуро)
- RUB / KZT – 6,49 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,32 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 67,49 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,31 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,05 (өзбек сомы).
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды